ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев алименттерді өндіріп алу бағытындағы жаңа жүйе туралы айтты, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
- Министрлік алименттерді өндіріп алу тақырыбына ерекше назар аударып отыр. Келіп түскен шағымдардың жартысын осы категория қамтып отыр. Проблеманы шешу үшін министрлік «Алиментті өндіріп алудың тиімді жүйесін құру бойынша 30 қадам» шаралар жоспары бекітіліп, жүзеге асырылуда, - деді министр Пардамент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында.
Оның сөзіне қарағанда, аталған бағытта министрлік, әкімдік және алиментті өндіріп алу мәселесі жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы республикалық палата арасында үшжақты меморандумды бекіту жолымен жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимыл атқарылуда.
- Меморандумда және іске асыру бойынша жоспарда борышкерлерді жұмыспен қамту мәселесі қамтылған. Атқарылған жұмыстар аясында 816 борышкер жұмысқа орналастырылды. Проблемалы алименттер саны 25 мыңнан 14 мыңға дейін төмендеді, - деді Марат Бекетаев.