Ресми ақпаратты облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлеген Жігітаев ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның сөзінше, биыл аудандық аурухана жалпы сипаттағы трансферттер шеңберінде 8 бірлік көлемінде 32 млн 291 мың 800 теңгеге жабдықтармен қамту жоспарлануда. Оған ота жасауға арналған үстел, гинекологиялық кресло, электрокардиографтар, көпфункционалды кереуеттер алынбақ.
- Ауданның 2025 жылға арналған кешенді даму жоспарына сәйкес тұрғындарға медициналық көмек көрсету үшін 2 автокөлік сатып алу жоспарланған, - деді ол.
markakol_audandyk_auruhanasyna_eki_kolik_
59