Марқакөл ауданын абаттандыруға 165,4 млн теңге бөлінді

135
көрілім

Марқа өңірін абаттандыру үшін 13 жоба іске асырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Ауыл – ел бесігі» жобасына – 93,4 млн теңгеге 2 жоба, жергілікті бюджеттен бөлінген 32 млн теңгеге 11 жоба іске асырылмақ.
-    Қазіргі кезде 3 жоба бойынша жұмыс істейтін мердігер ұйымдар анықталды. Қалған 10 жобаның жұмысы тоқтап тұр. Айта кету керек, бұл жобаларға 148,4 млн теңге бөлінген. Оның ішінде, 7 ауылды жарықтандыру, 3 ауылда балаларға арналған ойын-сауық аландарын салу жұмыстары кіреді, - деді Марқакөл ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Рүстембек Кемешев.
Марқакөл ауданында көшелерді жарықтандыруға 125,4 млн теңге қарастырылған. 40 млн теңгеге  балалар және спорт алаңдарын салу жоспарланды.
-    Марқакөл ауданында орталықтандырылған қалдықтарды жинау және шығару жұмыстарымен айналысатын арнайы қызметтер жоқ. Коммуналдық қалдықтардың жинақтау нормалары бекітілмеген. Бұл ретте Энергетика және ТКШ басқармасы жоғарыда келтірген нормативтік құқықтық актілерді бекіту мерзімдері бойынша арнайы график орнатты. Енді осы жұмыс келтірілген кесте бойынша атқарылады, - деді Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Фархат Белбеев.
 Рүстембек Набиолдаұлы өлкені абаттандыру жұмыстары әлі де жалғасады деп мәлімдеді.