Марқакөл ауданында 234 адам баспана кезегінде тұр

166
көрілім
фотосурет ашық дереккөзден

Былтыр Марқакөл ауданында 7 адам баспана алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оның ішінде көпбалалы отбасылардан – 1, ХӘОТ – 1, мемлекеттік қызметкерден – 5 адам тұрғын үйге қол жеткізді.
-    Биыл кезекте тұрғандардың ішінде 111-і  жетім бала, 61 – әлеуметтің осал тобындағылар, 32 – көпбалалы отбасыдан, 29 – мемлекеттік қызметкер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері және үйі апатты жағдайда деп танылған 1 адам бар, - деді Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Белбеев.
Айта кету керек, биыл кезекте тұрғандар әлі баспана алған жоқ.