Марқакөл ауданында су құбырларын жөндеуге 4,4 млрд теңге бөлінді

110
көрілім
фотосурет ашық дереккөзден

Марқакөл ауданы әкімінің қызметін уақытша атқарушының сөзінше,  23 ауыл сумен қамтылған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

23 ауылдың ішіндегі 11 елдімекен орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген және 12 аулда су тартудың блок-модульді станциялар орнатылған.
-    Биыл Марқакөл ауылында су құбырлары мен кәріз желілерін жөндеуге 4,4 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде, сумен жабдықтауға – 980 млн; кәріз желілеріне 3,4 млрд теңге қарастырылған, - деді Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Фархат Белбеев.
Сондай-ақ, басқарма мен аудан әкімдігінің қолдауымен блок-модульді станциялар орнатылған үйлерге таза ауыз су қосу үшін кешенді жоспарлар әзірленуде.