Мамыр айының 26 күні Марқакөл ауылының бәйге төбесінде Астана қаласының 20 жылдығына орай ұлттық ойындар ұйымдастырылып, ас берілді, деп хабарлайды Бұқар.кз сайтының тілшісі.
Жергілікті жердің белді кәсіпкерлері мен тумаларының демеушілігімен жүзеге асқан шарада аударыспақ, 5 және15 шақырымдық қашықтыққа ат бәйгесі жарыстары өткізілді. Жарыс жеңімпаздарына грамоталар, Астана қаласының 20 жылдығына орай арнайы дайындалған медальдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.
Сондай-ақ, осы күнге тұспа-тұс келіп түскен тағы бір атаулы шара - көп балалы ана болып келетін Марқакөл ауылының тұрғыны Тансықпай Мәрия есімді азамтшаға аудан әкімі "Күміс алқа" төсбелгісін табыс етті", - деп хабарланған Күршім ауданы әкімінің ресми сайтында.
Азамат ТЕМІРБЕКОВ