Мәлім болғандай, Марқа өңіріне акушер-гинеколог, хирург, анестезиолог-реаниматолог мамандар жетіспейді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Марқакөл ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Рүстембек Кемешевтің айтуынша, биыл осы өңірге Алматыдан хирург көшіп келуі мүмкін. Қазір ауылда 14 дәрігер жұмыс істейді.
2023 жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында Ақжайлау мен Ұрынқай ауылдарында екі медициналық пункт салынды. Аудандық ауруханаға келсек, күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Қазір жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Бұл жобаның жалпы құны шамамен 271 млн теңге көлемінде деп есептелді.
- Аудан тұрғындарына медициналық көмек көрсететін 22 объект ұйымдастырылған. Оның ішінде, 1 аурухана, 4 амбулоториялық-емханалық ұйым, 14 медициналық пункт бар. Ауданда 3 медициналық қызметкер ғимаратсыз жұмыс істейді. Олар Шанағатты, Былғары-Табыты, Балықтыбұлақ ауылының ақ халаттылары, - деді ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлеген Жігітаев.
Валентина ГЕОРГИЕВНА