Фототұзақтың бейнежазбасына алдымен бұланның жаңбырлы күні алаңсыз кетіп бара жатқан сәті түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Одан іле бұғы да төбе көрсетті. Қорық қызметкерлерінің сөзінше, аумақта алшаң басып жүрген ірі бұлан. Ресми ақпаратқа сүйенсек, ең ауырларының салмағы 600 келінің мөлшерінде, денесінің ұзындығы 3 метрге жуықтайды.
Бұғы да, бұлан да Тополевка учаскесінде фототұзаққа түсті. Марқакөл қорығы инспекторлары орнатқан құрылғы арқылы ол жаққа қар түскенін байқауға болады. Тіпті кейбір жерлерде қалыңдығы 40 см-ге таяу.
Валентина СЕЙІТҚАНОВА