Марқакөл қорығында түлкі фототұзаққа түсіп қалды

167
көрілім

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығындағы «Ельник» учаскесіне орнатылған фототұзаққа түлкі түсіп қалған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жирен түлкі - ит тұқымдасының жыртқыш сүтқоректісі, түлкілер тұқымдасының ең көп таралған түрі. Дене ұзындығы 60-90 см, құйрығы 40-60 см, салмағы 6-10 келі. Марқакөл қорығында жиі кездеседі. Жануардың бұл түрінің сымбаттылығы оның жіңішке, ұзартылған денесінде. Ептілігі жұмсақ төсеніші бар ұзын жіңішке аяқтарына байланысты. Бірақ түлкінің басты тартымдылығы - әрине оның ұзын, үлпілдек құйрығы. Құйрық маңызды функцияны орындайды, жүгіру кезінде тепе-теңдік береді. Сондай-ақ қыста аязға қарсы «көрпе» ретінде қызмет етеді. Түлкілер түнде белсендірек болады, бірақ күндіз де кездеседі. Олар жазда отбасы құратындықтан, қыста топтасып жүруі сирек.