Марқакөл қорығында жабайы жануарларды бақылау жалғасуда

576
көрілім

Қорық инспекторлары жануарларды бақылауға шаңғымен немесе қар кешкіш көлікпен жіберіледі, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- Өткен жылдың 8 желтоқсан күні Николай Краснопеев, Жақсылық Чабиев және эколог Ғабдул Маутқанов шаңғымен «Маральник» учаскесін тексеруге барған болатын. Желсіз күні аң іздері анық көрініп жатады. Жаңа жауған қардың бетіне қасқыр, түлкі, сілеусін сынды жыртқыштар да ізін салып үлгерген. Ең көбі бұлан мен маралдың ізі болып шықты, - дейді қорық қызметкерлері.

Инспектор Николай Краснопеевтің айтуынша, бұл тұяқтылар бізде сирек кездеседі. Олар көбінесе қарағайлы, орманды жерлерді мекендейді.