Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, Марқакөл ауылында азық түлікті уақытша сақтауға арналған қойма өртенген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
– Алдымен қойманы шарпыған қызыл жалын кейін азық-түлік өнімдері мен тоңазытқыш жабдықтарына жайылған. Өрт қамтыған жалпы аумақ 25 шаршы метрді құрады, – делінген мәліметте.
Департамент өкілдері өрттің шығу себебін электр жабдықтарын дұрыс пайдаланбау және қауіпсіздік шараларын сақтамаумен байланыстырды.