Марқакөлде келер жылы құны 1 млрд.теңге тұратын демалыс орнының құрылысы басталмақ

660
көрілім

Күршім ауданы адамдар көп саяхаттап келетін аудандардың бірі. Осының негізінде өңірдің табиғи-ландшафтық ерекшелігі ескеріліп, бірқатар нысандар бой көтермек, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Шығыс Қазақстанның өзгеше аймақтағы кластері құрамына кіретін ауданның мәдени-тарихи орындары мен ескерткіштері кеңінен танылмақ. Қазірдің өзінде аудан аумағында жұмыс істеп тұрған 8 қонақүй бар. Тылсым табиғатты тамашалауға келген адам саны жылдан жылға артуда.

– Күршім-Маралды бағытында Кеңсу демалыс орны, Күршім-Аманат бағытында Қиын -Керіш учаскесі, Күршім-Урунхай мрамор жолы арқылы Катонқарағай ауданына бағытталған үш маршрут құрылды. Аталған жолдар арқылы бірқатар туристік шаралар қабылданды.Туристік базалар мен қонақүйлер салынған, – дейді аудан әкімі Дулат Қажанов.

Тағы бір айта кететіні, Марқа көлінде құны 1 млрд.теңгені құрайтын туристік база құрылысы 2020 жылы басталмақ. Бұл өз кезегінде ауданның туристік әлеуетін арттырып, келушілер санын көбейтпек.
Данияр ЗАЙНЕЛОВ