Марқакөлде майқанның шабақтары алғаш көзге түсті

166
көрілім
Фотсоурет ustinka.kz

Шабақтар қазір тұщы суда шоршып жүзеді, мамандар биыл бірінші рет көріп отырғандарын айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Марқакөл қорығының қызметкері жуықта бейнежзабамен бөлісіп, шағын ақпарат ұсынды.
- Әдетте шабақтар балық уылдырық шашқан соң 1,5 ай өткеннен кейін пайда болады. Ол үшін майқан тынық өзенде қалқып, ағыспен баяу жүзіп отырады. Майқан таза суда, тасты немесе түбі тасты арналарда уылдырық шашады, - деді қорық қызметкерлері.
Шабақтар өзендерде 7-8 сантиметрге дейін өсетін көрінеді. Тамыз-қазан айлары аралығында біртіндеп көлге жіберіледі.