Марқакөлде спорт кешенінің құрылысы келесі жылы аяқталады

225
көрілім

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев Күршім ауданында өткен халықпен кездесуде тұрғындарды толғандыратын мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Марқакөлде спорт кешенінің салынуы үш жылға созылып кеткендіктен, жиын барысында бұл мәселені Әскербек Наурызбаев көтерді.
- Өкінішке қарай, бүгінде облыстың үш ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы созылып кетті. Қазір Ұлан ауданында құрылыс жұмыстары аяқталуда. Ал Марқакөлде спорт кешені келесі жылдың ортасына таман  толықтай салынып бітуі тиіс, - дейді Ермек Көшербаев.