Марқакөлдіктер жазушы Асқар Алтайға құрмет көрсетті

1107
көрілім

Марқакөл ауылының Мәдениет үйінде «Өр Алтайдың атақты шамшырағы» атты талантты жазушы – Асқар Алтайдың оқырмандармен шығармашылық кездесу кеші өткізілді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Кездесу кешіне ауыл тұрғындары Күршім колледжінің студенттері, Марқакөл орта мектеп оқушылары жиналды.

Кеш барысында жазушы Асқар Алтай туып өскен жері туралы, жазған шығармалары жайлы оқырмандарға әңгімелеп берді. Кездесу кешінің «Оқырманмен бетпе- бет» айдарында оқырмандар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып жазушымен сұхбаттасты. Ал мәдениет үйінің әншілері жазушыға арнап әсем әндерін әуелетті. Кеш соңында Марқакөл ауылдық округі әкімінің орынбасары Ә.Қасентаева Күршім аудандық маслихат депутаты ыстық ықыласын білдіріп, қадірменді жазушының арқасына шапан жапты.