Марқакөлге Зайсаннан тасымалданатын көмір сатылымға шығарылды

533
көрілім

Қазіргі уақытта Марқакөлге Зайсаннан тасымалданатын көмір сатылымға шыққан, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Бұл жайлы Күршім ауданының әкімі Дулат Қажанов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.

- Марқакөл ауылында аудандық мәслихат депутаттармен бірлесіп азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткіздік. Өмір бар жерде түйткілді мәселелер де қатар жүретіні белгілі. Қысқа дайындық барысындағы жем-шөп пен көмір, баспана мәселесін айтып келген азаматтардың бірқатарының проблемасы оң шешімін тапты. Қазіргі уақытта Марқакөлге Зайсаннан тасымалданатын көмір сатылымға шығарылды. Сондықтан ауыл халқын ертерек көмірлерін алып, қысқа қамдануға шақырамын, - дейді ол.