Бұқара.кз сайтының редакциясы маусым айына арналған Ай күнтізбесін ұсынады.
Күні |
Жұмыс уақыты |
Ай фазалары |
Жұмыстар: суару, қоректендіру, тыңайтқыш шашу, қопсыту, зиянкестер мен ауруларға қарсы күрес, арамшөп жұлу жұмыстарын жүргізу. Жаздың басында бақшаны көріктендіру жұмыстарын қолға алған жөн. |
Зодиак белгілеріндегі Ай тұрысы |
|||
Жұма 31 мамыр Сенбі 1 маусым Жексенбі 2 маусым Торпақ |
11.14-тен
18.49-ға дейін |
4 фаза
|
1. Жылуды жақсы көретін көкөніс және гүл дақылдарын, түсті қырыққабат пен брокколиді көшеттікке отырғызу. 2. Ұзақ сақтауға келетін асқабақ және тамыртүйнекті дақылдарды, картопты отырғызу. 3. Өсімдіктердің тамырларын ажырату, сабағынан көбейту, қалемшелеу. 4. Түптеу, қопсыту, мұртшаларды қию, газон қырқу жұмыстарын жүргізу. 5. Топырақ қабатындағы зиянкестермен күресу. 6. Органикалық тыңайтқыш пен компост дайындау. |
Дүйсенбі 3 маусым Сейсенбі 4 маусым Егіздер |
23.18-ге дейін |
Ай жаңарған кез 3 (16.03) |
1. Топырақты қайта қазу, қопсыту, жабындау, арамшөбін отау. 2. Өсімдіктердің қураған бөліктерін қырқып алып, емдік қоспалармен өңдеу. Ай жаңарған күні себу, отырғызу, қайта отырғызу жұмыстарын жүргізуге және өсімдік тамырларын зақымдауға болмайды. |
Сәрсенбі 5 маусым Бейсенбі 6 маусым Шаян |
|
1 фаза
|
1. Қызанақ, бұрыш, баялды, асқабақ дақылдары мен қырыққабаттың барлық түрлерінің көшеттерін топыраққа отырғызу. 2. Қант қызылшасының, көкөніс асбұршағының, ерте пісетін дәмтатымдық дақылдардың дәндерін себу. 3. Суару, отырғызу және қайта отырғызу жұмыстарын жүргізу. |
Жұма 7 маусым Сенбі 8 маусым Арыстан |
02.17-ден
|
1 фаза |
1. Дәмтатымдық дақылдарды, құрғақгүлдер мен газон шөбін себу. 2. Жеміс бағына көктемгі кесу, құлпынайдың мұртшаларын қию және пияз бен сарымсақ сабағының бастарын қырқу жұмыстарын жүргізу. 3. Көкөніс және гүл дақылдарының сабақтарын қырқу, бұтау жұмыстарын жүргізу. |
Жексенбі 9 маусым Дүйсенбі 10 маусым Бикеш |
04.49-дан |
2 фаза 10 (12.01) |
1. Ұзақ сақтайтын тамыртүйнекті дақылдарды отырғызу. 2. Дәмтатымдық дақылдарды (фенхель, аскөк, тмин, сүйментамыр) қайта себу. 3. Ерекше әрі күтім таңдайтын өсімдіктерді отырғызу және қайта отырғызу. 4. Жидек және әсемдік бұталарының, көпжылдықтардың, раушангүл сабақтарын қырқу және құлпынай мұртшаларын топыраққа көміп, тамырландыру. 5. Газон мен гүлзарларды қалыпқа келтіру. |
Сейсенбі 11 маусым Сәрсенбі 12 маусым Таразы |
07.30-дан |
2 фаза |
1. Тамырлы ақжелкенді, салат және емдік шөп дақылдарын себу. 2. Құлпынай түптерінің мұртшаларын қырқу, жүзім бұтасын қырқу, бұтау, ұштарын қиып, түптерін түптеу. 3. Емдік шөптерді жинау. 4. Ауруларға қарсы профилактикалық бүрку жұмыстарын жүргізу. |
Бейсенбі 13 маусым Жұма 14 маусым Сенбі 15 маусым Сарышаян |
11.04-тен
16.04-ке дейін |
2 фаза |
1. Барлық көшеттерді ашық топыраққа отырғызу. 2. Қиярды, кәдішті, салат және дәмтатымдық дақылдарды жазғы себу. 3. Жеміс тамырларына минералды тыңайтқыштар құю (суарған соң). 4. Тосап, шырын және компот қайнату мақсатында жидек теру. 5. Тамырлы балдыркөктің бүйірінен жайылған тамырларын қырқу. |
Сенбі 15 маусым Жексенбі 16 маусым Дүйсенбі 17 маусым Мерген |
16.04-тен
23.14-ке дейін |
Ай толған шақ 17 (14.31) |
16-сы Қасиетті Троица күні. 17-сі Ай толған күн. 1. Зиянкестер мен ауруларға қарсы профилактикалық өңдеу. 2. Емдік шөптерді жинау. Сирень мен спирейдің қураған бұтақтарын кесу. 3. Шие, өрік, таңқурай бұталарының түптерінен өскен артық бұталарды кесу, сирету, арамшөптен тазарту, тамырлы балдыркөктің бүйірінен жайылған тамырларын қию, пияз бен сарымсақ сабағының бастарын қырқу. Сарымсақтың піскенін бақылау үшін сабағының астындағы 2-3 басты қалдырған жөн. |
Сейсенбі 18 маусым Сәрсенбі 19 маусым Тауешкі |
|
3 фаза |
1. Көкөніс және көпжылдық дақылдарды (батун пиязы, шнитт пиязы, рауғаш, қымыздық және т.б.), сондай-ақ гүлдейтін көпжылдық және екі жылдық өсімдіктерді (бақ фиалкасы, дәстүргүл, құралайгүл, шегіргүл және т.б.) көшеттікке отырғызу. 2. Қыстық сақтауға келетін сәбізді, шомырды,шалқанды себу. 3. Құлпынайдың мұртшаларын тамырландыру. 4. Баялдыға, бұрышқа, қызанаққа, қырыққабатқа органикалық тыңайтқыш құю. 5. Тамырлы балдыркөктің бүйірінен жайылған тамырларын қырқу. 6. Қияр түбіндегі топырақты толтыру (қопсытуға болмайды). 7. Шөп тұнбаларын дайындау. |
Тамырлы балдыркөктің түбіндегі топырақты ақырын қазып ең жоғарғы бүйір тамырларын қырқу қажет. Бұл жұмысты 2-3 аптадан соң қайталап жүргізу қажет. Тыңайтқыш сепкенмен, оны тым тереңге сіңірмеген жөн |
|||
Бейсенбі 20 маусым Жұма 21 маусым Сенбі 22 маусым Суқұйғыш |
09.02-ден
21.02-ге дейін |
3 фаза |
1. Құлпынайдың артық сабақтары мен мұртшаларын қырқу, түбін қопсыту, артық өскіндерін және пияз сабағының басын жұлу. 2. Қызғалдақ пен басқа да тамыртүйнекті әсемдік гүлдерді қазып алу. 3. Зиянкестер мен ауруларға қарсы бүрку жұмыстарын жүргізу. 4. Түсім жинау. Бұл күндері отырғызу, қайта отырғызу, суару жұмыстарын жүргізуге болмайды. |
Жексенбі 23 маусым Дүйсенбі 24 маусым Балықтар |
|
3 фаза |
1. Суару және тамырдан тыс қоректендіру. 2. Органикалық тыңайтқыш дайындау. 3. Қияр түбіне топырақ себу. 4. Құлпынай мен таңқурай бұталарын отырғызатын жүйектерді әзірлеу. 5. Ағаш сабақтары мен құлпынай мұртшаларын тамырландыру. Бұл күндері өсімдіктерді суаруға, қайтадан қоректендіруге болмайды. Сондай-ақ консервілеу мақсатында жидек жинамаған жөн. |
Сейсенбі 25 маусым Сәрсенбі 26 маусым Бейсенбі 27 маусым Тоқты |
09.39-дан
20.33-ке дейін |
4 фаза 25 (15.48) |
1. Сидерат себу. 2. Қызанақты бұтау, қиярдың сабағын қырқу. 3. Өсімдіктердің сабақтарын сирету. 4. Жеміс және әсемдік дақылдарды жазғы кесу. 5. Әсемдік тамыртүйнектерді қазып алу. Сарымсақ пен пияз сабақтарының басын жұлу. 6. Жидек жинап, тосап, шырын және компот қайнату. Қысқы сақтауға қатырып қою. 7. Түрлі емдік шөптерді жинау. |
Жұма 28 маусым Сенбі 29 маусым Торпақ |
|
4 фаза |
1. Суару және органикалық қоректендіру. Органикалық тыңайтқыш дайындау. Компост әзірлеу. 2. Топырақты дайындап, құлпынай мен таңқурай отырғызу. 3. Қысқы шомыр мен сәбізді (сәбіз қыс бойы топырақ астында жабындалған күйі қалады) отырғызу. 4. Көкөніс және гүл дақылдарының тамырларын ажырату (соның ішінде ирис пен лалагүлді де), сабақтан көбейту, флокс пен раушангүлдің сабақтарын қырқу жұмыстарын жүргізу. 5. Топырақтағы зиянкестермен күрес. 6. Қымыздық, шнитт пиязы және тағы басқа көпжылдық көкөніс дақылдарын себу. |