Маймыл шешегі жайлы не білеміз?

6401
көрілім

Күн санап маймыл шешегі ауруының тіркелуі жалғасуда. Әлемнің 72 елінде 10 000-нан астам жағдай тіркелген. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында маймыл шешегі ауруына күдікті бірде-бір жағдай тіркелген жоқ.

Бұл ауру туралы не білу қажет...

Маймыл шешегі (monkeypoxes – MPXV) – қызу, жалпы интоксикация және экзантеманың (қызару) пайда болуымен сипатталатын сирек кездесетін жұқпалы ауру.

Инфекция көзі

Маймыл шешегі ауруының негізгі көзі жабайы жануарлар: приматтар мен кеміргіштер (тиіндер). Инфекция жұқтырған адамның қаны немесе оның биологиялық сұйықтықтары, сондай-ақ ауру жануардың етін қолдану арқылы да пайда болуы мүмкін.

Берілу жолдары

- жабайы жануарлармен – приматтармен (маймыл) және кеміргіштермен (тиін) байланыс;

- ауру адаммен тығыз физикалық байланыс (вирус денеге зақымдалған тері, тыныс алу жолдары, көз, мұрын және ауыз арқылы, сондай-ақ дене сұйықтықтары арқылы енеді);

ауа-тамшы жолымен (жабық үй-жайда науқаспен болған кезде) және тері жамылғысын зақымдау немесе науқастың биологиялық сұйықтықтары бар заттармен жанасу арқылы.

Клиникалық көрініс

Инкубациялық кезең 5 күннен 21 күнге дейін созылады. Адамда жоғары қызу, дененің ауыруы, әлсіздік, бөртпе, құсу, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, бас айналуы симптомдарымен сипатталады.

Аурудың ұзақтығы 2-3 апта, өздігінен емделу тән.

Алдын алу жолдары

Маймыл шешегінің ең жақын туысы – табиғи шешек 1980 жылы ДДСҰ ұйымдастырған ғаламдық вакцинация арқылы жойылды. Осы жылдан бастап шешекке қарсы вакцинация тоқтатылған.

Ғалымдар шешекке қарсы вакцинаның қорғаныс әсерін дәлелдеді (АҚШ, Жапония, Еуропа және Ресейде тірі вакциналар бар (ACAM2000, LC16m8, IMVAMUNE, IMVANEX).