ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен ШҚО ПД бастығының орынбасары лауазымына осыған дейін Ақмола облысы ПД бастығының орынбасары қызметін атқарған полиция полковнигі Медет Бердімұратов тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жеке құрамға Полиция департаменті бастығының орынбасарын ШҚО ПД бастығы полиция полковнигі Серік Жүнісбеков таныстырды.
Бердімұратов Медет Тасырханұлы құқық қорғау органдарында 1999 жылдан бері қызмет етіп келеді. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тумасы. Қайнар университетін, 2022 жылы магистратураны бітірген.
Қызмет жолын 2002 жылы Алматы облысы Ішкі істер басқармасының Талғар аудандық ІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі лауазымынан бастаған.
Қызмет еткен жылдары түрлі басшылық лауазымдарда, соның ішінде ҚР ІІМ Тергеу департаменті тергеу және аймақтық бақылау басқармасының бастығы болған.
2019 жылы Ақмола облысы ПД бастығының орынбасары болып тағайындалған.
Тергеу және криминалистикалық бөлімше қызметтерін қадағалайтын Медет Тасырханұлын таныстырған полиция департаментінің бастығы Серік Жүнісбеков өзінің орынбасарына бірқатар міндеттер қойды.