Медицина мамандығына оқытпақ

521
көрілім

Облыс орталығындағы жоғары оқу орындарының бірінде алғаш рет медициналық факультет ашылады. Атап айтсақ, жақын арада С.Аманжолов атындағы ШҚМУ жоғары технология саласында медик мамандарды дайындауды бастамақ.

Аталмыш университет медициналық факультет ашуға бастама жасады. Қазіргі уақытта мемлекеттік лицензия алу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жөнінде жоғары оқу орнының тәрбие жөніндегі проректоры Ирина Ровнякова айтып берді.

Сонымен қатар, университетте екі ірі экспериментальді білім бағдарламалары бойынша мамандарды дайындау 2018 жылдың қыркүйегінде басталмақ. Олар: "цифрлы гуманиаристика" және "компьютерлік мехатроника". "Цифрлы гуманитаристика" гуманитария саласында ІТ-мамандарды, ал "компьютерлік мехатроника" робототехника саласында мамандар дайындамақ.

Сондай-ақ, жақын арада ШҚМУ-да біріктірілген 10 педагогикалық мамандықтар пайда болады. Атап айтсақ, бұдан былай жоғары оқу орнынан тарихшы-географтар, химик-биологтар, физик-математиктер дайындалып шығады. Білімдегі жаңашыл бағыттарды қамту үшін ағылшын тілінде сабақ беретін химик, биолог және информатик мамандар дайындалатын болады.

Ерлен ОСМАНОВ