Мектеп оқушыларына берілетін үй тапсырмасын қысқарту туралы бұйрық шықты

962
көрілім
Еліміздің Білім және ғылым министрінің бұйрығымен республиканың мектептерінде үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар бекітілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ҚР БҒМ ресми сайтына сілтеме жасап.

2017 жылғы 24 сәуірде ҚР Білім және ғылым министрі Е.К. Сағадиев № 182 бұйрығымен республиканың мектептерінде үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтарды бекітті. Бұл ұсыныстардың негізін «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ өткен жылғы сәуірден желтоқсанға дейін іске асырылған жобасының нәтижелері құрады», делінген ҚР БҒМ ресми сайтындағы ақпаратта.

ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева, басқарма басшысы Талғат Жакенова, бас сарапшылар Ақтоты Кемалова және Ботагөз Қабатованың жетекшілігімен жарты жыл бойы ұсыныстар ведомстволық бағынысты ұйымдармен, өңірлердің мектептерімен жан-жақты талқылаудан және ресми веб-сайттар арқылы дауыс беруден өткен екен.

Қазақстандық мектептердің тарихында алғаш рет бейінді ведомствалық деңгейде еліміздің оқушыларының үй тапсырмасын мөлшерлеу әдістемесін қамтитын құжат қабылданды. Біз Әдістемелік нұсқаулар оқушылардың оқу жүктемесін төмендететін, олардың өздік жұмысқа ынтасын және жалпы алғанда үлгерім сапасын арттыратын әрекетті құрал болады деп үміттенеміз, — деп қосты құзырлы ведомство.

Ерлен ОСМАНОВ