Өскемен гарнизонындағы механикаландырылған бригадасының әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыстарды ұйымдастыру қызметі «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілік көмек ұйымдастырды.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «30 игіс іс» жасау мақсатында өткізіліп жатқан бұл акцияда балаларға мектепке қажетті керек-жарақтар, сөмкелер табыс етілді. Шараға демеуші болған «Қазцинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Карантиндік шектеулерге байланысты шара балалардың қатысуынсыз бригада штабының алдында өтті. Әскери қызметшілерге құрал жабдықтарды отбасы мүшелерімен жұмыстарды ұйымдастыру қызметінің жетекшісі Ләззат Дошманова табыстап, гарнизон басшылығы мен демеушілер тарапынан көрсетілген қолдауға ризашылығын білдірді.
Жалғызбасты және көпбалалы әке, штаб батальонының механик жүргізушісі старшина Григорий Вилинский отбасына назар аударып, үнемі қолдап, демеушілік көмек көрсетіп келе жатқан бригада басшылығы және әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыстарды ұйымдастыру қызметі мен «Қазцинк» ЖШС-ға алғысын айтты.
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі