Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

221
көрілім
Фотосурет: Egemen.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күніне орай парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, Kazinform.kz сайтына сілтеме жасап. 

– Ұлттық домбыра күні құтты болсын! Бұл мерекенің қазақ руханияты үшін мән-маңызы зор. Қастерлі аспап дала өркениетінің ажырамас бөлігіне айналды. Төл мәдениетіміздің құнды қазынасын сақтау – баршамыздың парызымыз. Домбыра төрден түспесін! - деп жазды Мемлекет басшысы. 

Жыл сайын 7-шілдеде қазақстандықтар Ұлттық домбыра күнін тойлайды. 

Ұлттық домбыра күні 2018 жылы Президент Жарлығымен бекітілген. Мереке ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау және жаңғырту мақсатында бекітілді.