Мемлекет басшысы Кәрім Мәсімовке рақымшылық жасаудан бас тартты

179
көрілім
фотосурет ашық дереккөзден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке рақымшылық жасаудан бас тартты. Бұл туралы Kazinform тілшісіне ҚР Президенті жанындағы Рақымшылық мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы, Мәжіліс депутаты Марат Бәшімов айтып берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Депутат Конституцияға сәйкес Қазақстанда рақымшылық жасау құқығы президентке тиесілі екенін еске салды.

«ҚР Президенті жанындағы Рақымшылық жасау жөніндегі комиссия Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Кәрім Мәсімовке рақымшылық беруден бас тартуды ұсынды, мұнымен Қазақстан Президенті келісті», - деді Марат Башимов.

Еске сала кетейік, 2022 жылдың қаңтарында К. Мәсімовке қатысты сатқындық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ол 6 қаңтарда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылып, 8 қаңтарда қамауға алынып, тергеу изоляторына орналастырылды.

Kazinform сайтының ақпаратына сүйенсек, 2022 жылы тамыз айының соңында іс сотқа берілді. Ал 2023 жылдың сәуірінде ҰҚК бұрынғы басшысының бұрынғы орынбасарлары сатқындық, билікті күшпен басып алу әрекеті, билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. 

Мәсімовтің ісі «аса құпия» белгісімен өтті. 

Кәрім Мәсімов 18 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Бұл үкімге шағым түсірілді. 2023 жылдың маусымында елордалық сот үкімнің тұтқынды ұстау бөлігін ғана жеңілдетті.

2023 жылы қараша айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Kazinform агенттігіне К.Мәсімовке қатысты ҚР ҚК 218 және 366 баптарында көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатқанын хабарлады. 

Ал К. Мәсімов қылмыстық іс шеңберінде бірқатар тергеу жүргізу үшін Астана қаласы ҰҚК тергеу изоляторына қалдырылды.