Мемлекет басшысы Өскемендік әскериді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады

407
көрілім

Мемлекет басшысы ​ Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен​ ​ 3477 әскери бөлімінің​ атқышы ефрейтор ​ Тілек Құмарбеков​ ​ «Ерлігі үшін» медаліне ие болды.​ Ұлттық ұландыққа​ мемлекеттік награданы​ Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты​ Ержан Сәденов республика күніне орай ұйымдастырылған салтанатты шарада өз қолымен табыстады. Әскери қызметші​ Үлбі өзеніне шомылып жүрген​ алты жасар баланы ажал ауызынан алып қалған болатын. ​ ​ ​ ​ ​

 Еске салайық, оқиға​ 2022 жылдың​ 16 шілдесінде​ Тарханка ауылының маңындағы​ Үлбі өзенінде​ орын алған. Су иірімімен ағып бара жатқан қаршадай​ баланы​ көрген​ әскери қызметші​ құтқаруға​ дереу ұмтылады.​ Ағынды суға батып бара жатқан бүлдіршінді көзсіз ерлік танытып,​ жағаға аман-есен алып шыққанымен, ефрейтердің өзі жан дәрменінен айырылады.​ Медициналық көмекке мұқтаж болған​ жауынгер​ тек аурухана​ есін жиып үлгереді.​

ҚР ҰҰ«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі