Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің құқық қорғау қызметіне Марқакөлдегі ұйымдасқан қылмыстық топтардың заңсыз әрекетінің жолын кесуді тапсырды. Бұл туралы ол Twitter әлеуметтік желісіндегі өзінің ресми парақшасына жазды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ehonews.kz сайтына сілтеме жасап.
Марқакөл көлі Шығыс Қазақстан облысында. Мұнда уылдырығы жақсы бағаланатын ленок балығы бар. Осыған байланысты көлде заңсыз балық аулайтын браконьерлер пайда болды.
Құқық қорғау органдарына Марқакөл көлінде браконьерлер заңсыз балық аулайтын ҰҚТ қызметінің жолын кесуге тапсырма бердім”, – деп жазды Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.