Бұған ел көлеміндегі битум тапшылығы да негіз болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Президент Үкімет бұл мәселені тікелей бақылауға алуы тиіс екенін мәлімдеді.
- Жол құрылысындағы заңсыздықтарды анықтап, бұл жұмыстан нақты нәтиже шығару қажет. Бізде әлі күнге дейін битум тапшы. Бұл ірі көлемде мұнай өндіретін ел үшін тіпті ұят жағдай. Үкімет осы мәселені түбегейлі шешуге тиіс. Ашығын айтуымыз керек, Үкіметтің жұмысында қайта-қайта олқылықтар болып жатыр. Біресе, жанар-жағармай, біресе шекер жетіспейді. Осының бәрі Үкіметтің нақты шешім қабылдауына келгенде өте баяу қимылдап, батыл қадам жасай алмауынан болып отыр. Мұндай жағдайларға азаматтардың да көңілі толмайды. Әрине, бұл орынды. Сондықтан, дәл осылай жалғаса берсе тағы да нақты кадрлық шешімдер қабылдауға тура келеді, - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.