Мемлекет тарапынан 18 фильм қаржыландырылады

397
көрілім

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мемлекет тарапынан өндірісіне қаржылық қолдауға ие болған киножобалардың тізімін мақұлдады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 28 тамызында Нұр-Сұлтан қаласында ұлттық фильмдерді мемлекеттік қаржылық қолдау мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Отырыста Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы ұйымдастырған бірінші іріктеу байқауының қорытындысы жасалды.

Отырыс барысында өндірісіне қаржылық қолдау білдіру үшін Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының Сараптама кеңесі мақұлдаған 60 киножоба туралы ақпарат тыңдалды. Аталған тізімдегі киножобалар - ұлттық фильм статусы талабына сай келетін, оның ішінде, ұлттың рухани қажеттіліктерін қанағаттандыратын жоғары көркемдік деңгейлі, мемлекеттің ұстанымына сай келетін және оның кино өнері арқылы танымалдылығына ықпал ететін туындылар. Сонымен қатар, маңызды аспектілердің бірі - кино Қазақстанда түсірілуі қажет, сонымен қатар отандық кинокомпаниялар басқа елдермен бірлесе де түсіре алады.

Отырыс нәтижесінде 12 әлеуметтік маңызы бар фильм іріктелді. Олар «Аллая нить судьбы», «Возвращение учителя» және «Туркестан – вчера, сегодня, завтра» деректі фильмі мен «Боксер», «Время патриотов», «Выбор», «Жизнь», «Қажымұқан», «Обучение Адемоки», «На старте», «Тырналар», «Хардкор» көркем киножобалары. Сонымен қатар, комиссия мүшелері «Огонь» дебюттік фильмін, «Ақын» және «Слепая любовь» бірлескен киножобалары мен «Каникулы оффлайн-2», «Нартай», «Спасение в степи» көпшілік көрермен аудиториясына арналған фильмдерін таңдады.