Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі,
Салауат Мүксімовтің айтуынша, заңсыздықтардың басым бөлігі артық құжаттарды талап ету мен қызмет көрсетуден незізсіз бас тартуға тиесілі. Сондықтан саладағы олқылықтардың алдын алу жұмыстары үнемі назарда. Ендігі міндет – қағазбастылықты жойып, қызмет жүйесін цифрлық форматқа көшіру, - дейді. Салауат Мүксімов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары:
- Топтың негізгі мақсаты – өткен тәжірибені саралай отырып, мұны одан әрі жетілдіруге ұсыныстар әзірлеу. Бүгінгі таңда сервистік мемлекеттік аппараттың ортасындағы негізгі мақсат проактивті форматқа көшу.
Алайда елімізде 1326 мемқызмет түрі болатын болса, оның 42-сі ғана проактивті.