МӘМС қандай медициналық қызметтерді қамтиды?

594
көрілім

Өскемен қаласының №1 емханасы жалпы тәжірибе дәрігері Мирхат Гульмира Толебаевна міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы айтып берді.

Науқас, жалпы практика дәрігеріне келгенде, ол туралы барлық ақпарат ақпараттық базада болады, соның ішінде сақтандырулыуы көрсетіледі. Біздің тәжірибемізде адам сақтандырылмаған жағдайлар кездеседі. Әрине, дәрігер міндетті түрде тексеру жүргізеді және тағайындау жасайды, өйткені учаскелік дәрігердін қабылдауы тегін медициналық көмектің кепілдік көлеміне /ТМККК/ кіреді. Бірақ науқасты талдау, анализ тапсыруға немесе тар маманға жібере алмайды. Себебі жүйе дәрігердің одан әрі әрекетін блоктайды. Осыған байланысты дәрігерлер түсініспеушілікке тап болады және бұл шағымдар туындайды.

Әлеуметтік маңызы бар аурулары (туберкулез, АИТВ, созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр циррозы, қатерлі ісіктер, қант диабеті, психикалық бұзылулар, церебральды сал ауруы және т.б.) бар пациенттер ТМККК шеңберінде тар маманның консультациясы мен диагностикасына құқылы. Сондай-ақ, егер науқаста өткір жағдай немесе жарақат болса, маманнан кеңес алуға болады.
МӘМС жүйесінде сақтандырылған адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру ұсынатын медициналық көмектің кеңейтілген спектріне ие болады.

МӘМС келесі медициналық қызметтерді қамтиды:

профилактикалық медициналық тексерулер;
учаскелік дәрігердің нұсқауы бойынша арнайы маманданған дәрігердің қабылдауы және кеңес беруі;
созылмалы дертке шалдыққан жандардың бейінді мамандардың бақылауында болуы;
уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету;
халықтың белгілі бір категориясына шұғыл және жоспарлы түрде стоматологиялық көмек көрсету;
диагностикалық қызметтер, оның ішінде лабораториялық диагностика (УЗИ, рентген, КТ, МРТ);
мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы, стационарлық медициналық көмек;
медициналық оңалту; тб

Егер пациенте ешқандай төлем болмаған жағдайда, онда алдыңғы жылдың барлық ақысын төлемеу үшін 12 ай бұрын жарна салған тиімді. Жарналар әр ай үшін бөлек төленеді, сондықтан жүйе оларды дұрыс есептей алады.