Шығысқазақстандықтар 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін 12,5 млрд млрд теңге жарна аударды. Оның ішінде жұмыс берушілердің өз жұмысшылары үшін жөнелткен аударымдарының жалпы көлемі 6,2 мрд теңгені құрады.
Ал жеке кәсіпкерлер, бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер, азаматтық құ-қықтық келісім-шарт негізінде жұмыс атқаратындар тарапынан 6,3 млрд. теңге көлемінде қаржы түсті.
«Әлеуметтік меди¬циналық сақтандыру қоры» тарапына келетін болсақ, оның негізгі міндеті медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу және оларға ақы төлеуді жүзеге асыру және азаматтарды сақтандыру үшін аударылатын аударымдар мен жарналарды жинақтау болып табылады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін түскен барлық жарна аударымдары, яғни жинақталған қаржы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалуда», - деді ӘМСҚ ШҚО филиалы директоры Ғалымжан Әбілов.
Облыс бойынша айтар болсақ, 2021 жылы филиал 109 медицициналық мекемемен келісім-шартқа отырды. Оның ішінде 46-сы жеке клиникалар. Айта кету керек, жеке клиникалардың саны жылдан жылға артуда.
Медициналық сақтандыру қоры пациенттер құқығын қорғайды. Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда кері байланыс арналары:
Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
@saqtandyrybot телеграмботы
1406 байланыс орталығы
Қордың fms.kz сайты арқылы Қорға хабарласуға болады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өтінішіңізді қарап, тиісті шара қабылдайды.