МӘМС-ті емханаға жүгінген айлар үшін ғана төлеуге бола ма?

539
көрілім

МӘМС-ті емханаға жүгінген айлар үшін ғана төлеуге бола ма? Бұл сауалға ШҚО ӘМСҚ баспасөз қызметі жауап берді.

- МӘМС жүйесіне қатысу барлығына міндетті және бұл міндеттеме МӘМС туралы заңда бекітілген, сондықтан төлемдерді ай сайын жүйелі түрде жасау керек. Сонымен қатар, МӘМС бойынша сақтандыруды шетелде алуға бола ма деген сауал жиі қойылып жатады.
Оның жауабы: МӘМС жүйесі тек Қазақстан аумағында ғана қолданылады, сондықтан медициналық қызметтерді тек Қазақстандағы клиникалардан алуға болады.
Тағы бір сауалмен біздің мамандарға жиі жүгінеді. Ол  МӘМС бойынша қарызды қалай білуге болады?, - деген сұрақ.   
Жауабы: МӘМС-ке төлемдер бойынша берешекті мынадай ресурстарды пайдалана отырып көруге болады:
* Қордың сайты (fms.kz)
* ҚР ДСМ сайты
* телеграмм-бот (https://t.me/SaqtandyryBot)
* Goldau 24/7 мобильді қосымшасы
* электрондық үкімет порталындағы жеке кабинет egov.kz