6 сәуірден бастап Мәскеуден Өскеменге тікелей ұшу рейсі қалпына келтіріледі. Бұл туралы ресейлік S7 Airlines әуе компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілішісі.
Аталған компания Қытайға, Қазақстанға және Қырғызстанға тікелей рейстердің ашылғаны туралы әлеуметтік желідегі парақшаларында хабарлады.
«Мәскеуден Өскеменге алғашқы рейс 6 сәуірде ұшады», - делінген ақпаратта.
Рейстер аптасына екі рет, сейсенбі және сенбі күндері орындалады. Ұшу уақыты шамамен 4,5 сағатты құрайды.