Мейвезер — Макгрегор жекпе-жегін еліміздің «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсететін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат телеарнаның сайтына сілтеме жасап.
Бокстан 12 дүркін Әлем чемпионы американдық Кіші Флойд Мейвезер және жеңіл салмақтағы UFC чемпионы ирландық Конор МакГрегор жұдырық түйістіретінін осыған дейін хабарлаған болатынбыз. Екі мықты арасындағы айқасты қазақстандықтар «Хабар» арнасынан тікелей эфир арқылы тамашалай алады.
Тартыс ағылшын боксының ережелерімен 69,8 кг-ға дейін салмақ дәрежесінде жүргізіледі. Ол 27 тамыз күні таңғы сағат 8:00-де Лас-Вегастан тікелей көрсетіледі.
«Бокс тарихындағы ең табысты кездесуді өткізіп алмаңыздар. 27 тамыз 2017. (жексенбі) 08:00 — 11:30. Бокс. Флойд Мейвезер — Конор МакГрегор. Лас-Вегастан тікелей көрсетілім», — деп жазылған «Хабар» арнасының сайтында.