«Міндетіміз - медицина сапасын арттыру»

302
көрілім

ШҚО Онкология және хирургия орталығының директоры, Өскемен қаласы мәслихатының депутаты Гүлмира Сағидуллина атқарып жатқан жұмыстары жайлы айтып берді.

Nur Otan партиясының денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық кеңесінің тізгіні де оның қолында. Бүгінде ол халықпен жиі кездесіп, көпті толғандырған мәселелердің шешілуіне атсалысып жүр.

«Негізінен қарт кісілер хабарласып, шағымдарын, талап-тілектерін айтып жатады. Олардың әрқайсысын мұқият тыңдап, көмек көрсетуге тырысамын. Қазіргі уақытта облыста медицина саласына ерекше назар аударылып жатыр. Заманауи жабдықтар сатып алынып, ақ халаттылар шетелдің жетекші емханаларында біліктіліктерін арттыруда. Міндетіміз — медицина сапасын көтеру», - деді Гүлмира Сағидуллина.

Оның айтуынша, осы жылдың қазан айында 60 медицина қызметкері Израиль, Польша және Ресейде тәжірибе жинақтауға аттанды. Грузиядан келген мамандар өңір дәрігерлеріне 3 мәрте шеберлік сағатын өткізген.

«Биылғы 11 айда ауруды ерте сатысында анықтау мақсатындағы скринингтік зерттеумен 524 470 адам қамтылды. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда біршама артып отыр. Тағы бір маңызды жаңалық – партиямыздың саулауалды бағдарламасын орындау аясында Elekta фирмасының Versa HD деп аталатын ең соңғы үлгідегі желілік үдеткіші алынды. Осы қондырғы арқылы алғашқы пациенттерге ем-дом жүргізу басталып та кеткен», - деді депутат.

 

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ