Міндетті екпе қосылды

703
көрілім

Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен міндетті екпелер тізімі тағы бір вакцинамен толығады. 2020 жылдан бастап екпе кестесіне 9 бен 14 жас аралығындағы қыздарға арналған жатыр мойнының қатерлі ісігінің алдын алу екпесі ата-анасының рұқсатымен салынады.

2018 жылы елімізде онкологиялық дертпен күрес жөнінде кешенді бағдарлама жасалып, оны жүзеге асыруға мемлекет тарапынан 35 млрд теңге бөлінген. Осы сомаға аймақтарда жаңа құрал-жабдықтар сатып алынып, компьютерлік томографтар, МРТ аппараттары орнатылмақ.

– Шалғай өңірлерде жетіспейтін сәулемен емдеу терапиясына қажетті бөлімдер ашылады. Папиллома вирусын анықтайтын кабинеттер іске қосылады. Ол үшін үкіметтен қосымша қаржы бөлініп отыр. Бағдарлама аясында отандық ғылымды дамытуға да қаржы қарастырылған, – дейді Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры, ҚР ҰҒА академигі Диляра Қайдарова.

Мамандар елімізде соңғы уақытта бұл дерттің жасара түскенін айтады. Республикамыздағы әрбір бесінші әйел қатерлі ісікке шалдыққан.

Асқар ТҰМАРБЕК

Фотосурет mediaovd.kz