«Miras» аймақтық кеңесінде Жол картасының мәдениет саласына қатысты тармақтары қаралды

576
көрілім

«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы "Miras" аймақтық кеңес отырысы өтті.
Жиынның күн тәртібінде «Nur Otan» партиясы Сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Жол картасында айқындалған «Рухани жаңғыру», «Абай Әлемі» (Абай, Шәкәрім, М. Әуезов, Ә. Қашаубаев, Ф. Достоевский, А. Иванов) жобасы шеңберінде өңірдегі көрнекті жерлестерінің мұрасын насихаттау бағытында  атқарылып жатқан іс-шаралар мен 7 ауылдық клуб, 6 мәдениет үйі, Үржар ауылындағы тарихи-өлкетану мұражайын күрделі жөндеу туралы және «ҰЛЫ АБАЙ ЖОЛЫМЕН» жобасы аясында Жидебай-Бөрілі тарихи кешеніне, Ақшоқы тарихи кешеніне, Абай, Әуезов, Достоевский мұражайына 225 мың оқушы мен студент үшін экспедициялар мен туристік маршруттар, оның ішінде онлайн-экскурсиялар ұйымдастыру бойынша  сондай-ақ Мәдениет үйлері мен ауылдық клубтар құрылысы бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы мәселелер қаралды.
Отырысқа кеңес мүшелерімен қатар  ШҚО мәндениет басқармасының басшысы Н.Қ. Ахметжанов,  ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Д.Т. Шаухина, Шығыс Қазақстан облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы А.Е.Бекен қатысты.


 - «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасы аясында 2021-2025 жылдарға он ауылдық клуб пен музейлерді жөндеу, Мәдениет үйлерін қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу көзделген. Бүгінгі таңда Тарбағатай ауданының Ойшілік және Қабанбай ауылдарындағы клубқа жөндеу жұмыстары жүргізу аяқталды,- деді ШҚО мәндениет басқармасының басшысы Н.Қ. Ахметжанов.
Сонымен қатар "Miras" аймақтық кеңесінің мүшелері Семей қаласы Приречное ауылындағы мәдениет үйін қайта қалпына келтіру  жұмыстарына байланысты мәселе көтерді.
- Семейдегі Приречное ауылындағы Мәдениет үйін қайта қалпына келтіру жұмыстары уақытынан кешігуде. Партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған Жол картасындағы нақты тапсырмалар уақытылы орындалуы керек. Осы нысан бойынша жұмысты  кеңес мүшелері бақылауында ұстайтын болады, - деді "Miras" аймақтық кеңесі төрайымының орынбасары А.С.Шерубаев.