Елдің ұлттық статистика комитеті бұған дейін 22 қарашаға қарай Моңғолия халқының жалпы саны 3,5 миллион адамға жететінін мәлімдеген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
«Аталған комитеттің бұл болжамы соңғы үш жылдағы туу, өлім және халықтың табиғи қозғалысына негізделген», — дейді Моңғолия ұлттық статистика комитетінің халық санағы және тұрғын үй қоры бөлімінің статисі.
Бұл туралы моңғолиялық Kaznews ақпараттық порталы хабарлады.
«Соңғы үш жылда орта есеппен әр жеті минут 16 секунд сайын бір бала дүниеге келіп, 27 минут 46 секунд сайын бір адам қайтыс болады, ал Моңғолия халқының саны әр тоғыз минут 55 секунд сайын бір адамға артып келеді екен» деп жазады моңғолиялық басылым.
Kaznews дерегінше, 1962 жылы Моңғолия халқының саны 1 миллион болса, 1988 жылы ел екі миллион, 2015 жылы үш миллионға жетті.
2033 жылы 4 миллионға, 2048 жылы 5 миллионға жетеді деген болжам бар.