Өскемен қаласында Мүгедектер сарайы пайда болуы мүмкін. Бұл бастаманы шаһар басшысы Жақсылық Омар қолдап отыр.
Облыс орталығында мүмкіндігі шектеулі адамдар қатысқан «Бірдей мүмкіндіктер қоғамы» шарасы болып өтті. Іс-шара барысында Өскеменде Мүгедектер сарайын құру идеясы айтылды.
- Бастаманы қала әкімі қолдады, - делінген әкімдіктің ресми сайтында, - Енді оның жүзеге асуы тиісті ведомстволардың бақылауында болады.
Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ