2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедек жандар қайта оңалтуға арналған техникалық жабдықтар мен арнайы әлеуметтік қызметтерді әлеуметтік портал арқылы алады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қайта оңалтуға арналған жабдықтар қатарында тірек-қимыл жүйесіне арналған, сурдотехникалық, тифлотехникалық, гигиеналық құралдар мен арнайы кресло бар. Әлеуметтік қызметтерге жеке көмекшілердің жәрдемі, санаторий-курорттық емдеу шаралары жатқызылады.
Бұл жоба келер жылдың бірінші қаңтарынан бастау алмақ. Мүгедектігі бар азаматтардың тілектеріне сәйкес техникалық құралдар мен оңалту қызметтерінің белгіленген құнын өтеу тетігі көзделген. Бұл порталда қымбат тауарлар мен қызметтерді таңдау кезінде қосымша ақыны жүзеге асыру қызметі қолжетімді болады дегенді білдіреді.
Бұған қоса, арнайы мамандардың тізімі ұлғайып, медициналық-әлеуметтік мекемелердің бірыңғай тізілімінде барлық МӘМ-нің жарақтандырылуы мен жүктелуі ескерілетін болады.
Аталған порталды 400 мың қолданушы мен 200 мың жеткізуші бар еліміздің барлық қалалары пайдаланады.