Мұнай бағасы едәуір қымбаттады

367
көрілім

Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы айтарлықтай көтерілді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Лондондағы ICE Futures биржасында тамыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы 2,43 долларға қымбаттап, 64,7 долларды құрады.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) шілде айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай құны 2,89 долларға көтеріліп, бір баррелі 56,65 доллар болды.