Шыңның етегіне шыға бере ол аяғынан жарақат алып, өздігінен түсе алмай қалған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, зардап шеккен әйел бірден Өскеменге жеткізілді. Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің мәліметінше, 1973 жылғы әйел туристік топпен бірге тау басына көтерілген.
– Құтқарушылар мен ақ халаттылар «Қазавиақұтқару» тікұшағымен жедел оқиға орнына жетті, – деп хабарлайды Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мамандары.
Зардап шегушіге тиісті медициналық көмек көрсетілді.