Надежда Дубовицкая маусымдағы үздік нәтижесін көрсетті

845
көрілім
Фотосурет prosports.kz сайтынан

Семейлік жеңіл атлет Надежда Дубовицкая Финляндияда өткен «Paavo Nurmi Games» халықаралық турнирінде өзінің үздік нәтижесін көрсетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Турку деп аталатын қалада жалауын көтерген сайыс бағдарламасына бұл жолы биіктікке секіру енді. Бұған қатысқан атлеттерге тоқталсақ, көбі осының алдында Парижде өткен «Гаухар лига» бәсекесінде бақ сынаған мықтылар. Онда Дубовицкая 1,87 метрге секіріп, тек тоғызыншы орынға тұрақтаған еді. Бұл жолы қателіктермен жұмыс істегені көрініп тұрды.
Дубовицкая өз мүмкіндіктерінің бірінде 1,94 метр межесін бағындырып, жүлде алуға сенімді қадам жасады. Жерлесіміз жыл басталғалы мұндай нәтиже көрсетпеген еді. Алайда жүлдегелерлер үштігіне Ұлыбританиядан келген Марган Лэйк (1,97 м), аустралиялық Никола Олислагерс және Украинаның үміті Марина Геращенко кірді.
Надежда Дубовицкая қазір әлемдік рейтингіде 1294 ұпаймен жетінші орынға жайғасқан.
Әділхан ЕСІМХАНОВ