Нариман Құрбанов – Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері

154
көрілім
Фотосурет Olympic.kz сайтынын

Париж Олимпиадасында спорттық гимнастикадағы тұтқалы ат жаттығуы бойынша Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстандық Нариман Курбанов жаттығуды ең бірінші болып орындап, 15.433 ұпай алды. Ол базалық қиындығы 6.7-ге тең жаттығуды сәтті орындап шықты. 

Бұл сында алтын медальді ирландиялық  Риз Макленаген иеленді. Оның ұпай көрсеткіші - 15.533.

Ал қола медаль америкалық Штефан Недорочектің еншісінде (15.300).