Еліміздегі іргелі саналатын спорт сайттарының бірі жариялаған байқауда шығысқазақстандық семсерші де бар, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өткен айдың үздігі атануға жеті спортшы іріктеліп алынған. Наурыз айында дүбірлі додалар легі көп болды деуге келмес. Десе де бірқатары өткізіліп, отандастарымыз жоғары нәтиже көрсетті.
Сауалнама нәтижесінде жерлесіміз, семсерлесуден әлемдік Гран-При кезеңінің қола жүлдегері Вадим Шарлаимов, шахматшы Жансая Әбдімәлік, бокстан Азия чемпионатының қола жүлдегері Надежда Рябец, бокстан Азия чемпиондары Бекзат Нұрдәулетов пен Василий Левит, теннисші Александр Бублик, сондай-ақ «Барыс» хоккей клубының қорғаушысы әрі капитаны Даррен Дицтің үздік шығуларына мүмкіндіктері бар. Дауыс беру сәуір айының 10-на дейін жалғаспақ.