«Қош келдің әз – Наурыз!» атты концерттік бағдарлама 22-ші наурыз күні, түскі сағат 12:00-де өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шараға Достық Үйі – Қоғамдық келісім орталығының этномәдени бірлестіктері мен шығармашылық ұжымдары, қоғам қайраткерлері, қала тұрғындары, БАҚ өкілдері және барлық тілек білдірушілер қатысады.
Бағдарламада:
- Концерттік бағдарлама;
- Халық шеберлерінің жәрмеңкесі;
- Қолөнерлердің көрмесі;
- Ұлттық ойындар;
- Қала тұрғындарына сыйлықтар мен тәттілер;
- Атқа міну;
- Бүркітпен суретке түсу жағы қарастырылған.
- Концертіміздің мақсаты - «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны туралы түсінік беруді көздейміз, - делінген мәліметте.
Достық үйі өкілдерінің сөзінше, мерекелік бағдарламада: «Ақ ниет», «Барвинок», «Ақ босаға», «Крыничка», «Майглекхен», «Тарбагатай тауларымен даласы» т.б вокалдық ансамблдері және «Вайнах», «Арабеск», «Непоседы», «Еркетай» т.б хореографиялық ансамблдері өнер көрсетеді.
- Сондай-ақ, Сізді «Белая Сова» қауымдастығының сәндік-қолданбалы өнер көрмесі, атқа міну, бүркітпен суретке түсу, ұлттық ойындар, балаларға арналған сыйлықтар мен тәттілер күтеді. Сізді әртүрлі этностардың керемет вокалдық және би нөмірлері бар концерттік бағдарлама күтеді. Осы мерекеге байланысты дәстүрлер әлеміне еніп, ойындар мен керемет ойын-сауықтарға қатысуға мүмкіндік, сонымен қатар дәмді тағамдардан ләззат ала аласыз, - делінген мәліметте.