- 2019 жылдың 14 қаңтарында 5 баламен 53 жасымда зейнеткерлікке шыққан едім. Балаларымның күтімімен жүргендіктен өмір бойғы жиған еңбек өтілім мардымсыз. Осыған байланысты болар, маған базалық зейнетақы тағайындалмады. Естуімше, еңбек өтілі 10 жылға толмайтын адамдарға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызы мөлшерінде базалық зейнетақы тағайындалуы тиіс көрінеді. Бұл сонда қарай болғаны? Не себепті маған базалық зейнетақы тағайындалмады?
Бақыт С, Тарбағатай ауданы, Құйған ауылы
Сіздің сұрағыңызға Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Болат Сәтеков жауап берді:
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы №105-V заңының 11-бабы 3-тармағына сәйкес 2019 жылдың 16 қаңтарынан бастап аталған азаматшаға 5 және одан да көп баланы босанған, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген ана ретінде 53 жасында зейнетақы тағайындалған. Оның еңбек өтілі 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін — 13 жыл 21 күнді құрайды", - дейді Болат Кәлімұлы.
Жауапты тұлғаның айтуынша, аталған заңның 4-бабына сәйкес, мемлекеттік базалық зейнетақы бірінші кезекте жасына байланысты зейнетақы төлемдері 2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдері 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған, екіншіден заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес, зейнеткерлік жасқа толған жеке тұлғаларға берілетін көрінеді.
- Газет редакциясына жүгінген азаматшаға заңның 11-бабының 3-тармағына сәйкес, 5 және одан да көп балаға босанған, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген ана ретінде 2019 жылдың 16-шы қаңтарынан бастап, яғни 2018 жылдың 1 шілдесінен кейін тағайындалуы себепті мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі тағайындалмаған.
Аталған азаматшаға заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес, жалпыға белгіленген зейнеткерлік жас, 63 жасқа жеткен кезде, 2029 жылдың 14 қаңтарынан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау құқығы туындайды.
Еңбек өтілі бойынша тағайындалатын базалық зейнетақы төлемінің мөлшері
(2018 жылғы ең төменгі күнкөріс мөлшеріне сәйкес есептелген)
Жұмыс өтілі |
Төлемақы мөлшері (теңгемен) |
Жұмыс өтілі |
Төлемақы мөлшері (теңгемен) |
10 жыл және оған дейін |
16 037 |
22 жыл |
23 165 |
11 жыл |
16 631 |
23 жыл |
23 759 |
12 жыл |
17 225 |
24 жыл |
24 353 |
13 жыл |
17 819 |
25 жыл |
24 947 |
14 жыл |
18 413 |
26 жыл |
25 541 |
15 жыл |
19 007 |
27 жыл |
26 135 |
16 жыл |
19 601 |
28 жыл |
26 729 |
17 жыл |
20 195 |
29 жыл |
27 323 |
18 жыл |
20 789 |
30 жыл |
27 917 |
19 жыл |
21 383 |
31 жыл |
28 511 |
20 жыл |
21 977 |
32 жыл |
29 105 |
21 жыл |
22 571 |
33 жыл және одан жоғары |
29 698 |