"Немереңіз жол апатына түсті": Өскеменде алаяқтар зейнеткерді алдамақ болды

360
көрілім
Фото: vestivrn.ru сайтынан

Қала тұрғыны күмәнді қоңырау түссе бірден полицейлерге хабарлау керектігін дер кезінде түсінген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

74 жастағы өскемендікке белгісіз біреулер қоңырау шалып, немересінің жол апатына ұшырағанын айтқан. Жағдайды шешу үшін ақша талап еткен көрінеді. Қобалжыған тұрғын бар жиған-тергенін қолына алып, ақшаны әкететін адамды тосып отырды. Дегенмен, телефон шалған адамдардан күдіктеніп, полицияға хабарласуды жөн көрді.
Полиция аға лейтенанты Берік Маусейітов зейнеткердің  алаяқтарға тап болғанын түсініп, ақшаны бөгде адамдарға бермеуге көндіреді. Тәртіп сақшыларының жедел әрекетінің арқасында қала тұрғыны алаяқтардан құтылып, жинаған ақшасын сақтап қалды.