«НеМолчи» қорының басшысы Дина Таңсәріге іздеу жарияланды

301
көрілім
Фото:tengrinews.kz сайтынан

Зорлық-зомбылыққа қарсы ұйымдастырылған «#НеМолчиKZ»  қорының негізін қалаушы Дина Таңсәріге ҚР Ішкі істер министірлігі іздеу жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
2023 жылдың 27 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысында іздеу ресми түрде басталды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Дина Таңсәрі алаяқтық жасады деген күдікке ілінгендігі туралы ақпарат тараған болатын. Бұны ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
Ведомство қоғам белсендісі болған Д.Таңсәріге қатысты іздеу шараларының мән-жайы туралы қосымша мәлімет бермеді.