Шығыс Қазақстан атынан ел құрамасы сапында өнер көрсетіп жүрген кениялық желаяқ АҚШ-тағы жаһандық жарыста 3000 метр қашықтықта мәре сызығын бірінші болып кесті, деп хабаралайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Спорт сарапшылары оны әу баста жеңістен үміттілердің бірі деп айтты. Дегенмен барлығы іс жүзінде, кедергілермен жүгіру кезінде анықталатын еді. Іріктеу сындарында кениялық қара маржан 9.01.54 нәтижесін тіркеп, финалға өткен-тұғын.
Ал шешуші сында бұл нәтижесін біршама жақсартып, Юджин қаласындағы аламанда барлық қарсыластарынан алға озды.
Аталған қашықтықты ол 8:53.02 уақыт ішінде бағындырып, жеңімпаз атанды. Бұл жеңіс Қазақстан жеңіл атлетикасы тарихындағы бірінші «алтыны» болды.
Екінші орынды эфиопиялық спортшы Веркуха Гетачью (8:54.61), ал үшінші орынды оның отандасы Мекидес Абебе (8:56.08) еншіледі.
Марафонға жүгірген Жанна Мамажанова 32 қатысушысының арасынан 23-ші орынға табан тіреді. Ал биіктікке секіруден бақ сынаған Надежда Дубовицкая сегізінші орыннан көрінді. Бағындырған межесі – 1,96 метр.
10 мың метрге жүгірген Каролин Кипкируй – жетінші орынға табан тіреді.